16.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хамзат Чимаев денсаулық мәселелеріне байланысты мансабын аяқтауды ойлағанын айтты

Хамзат Чимаев денсаулық мәселелеріне байланысты мансабын аяқтауды ойлағанын айтты

Асланбек Бадаевтың ютуб-арнасының мәліметінше, UFC-дің орта салмақтағы жаңа чемпионы Хамзат Чимаев өз мансабындағы қиын кезең туралы ашық айтты.

Спортта ең ауыры – менде болған жарақат пен аурулар. Мансапты аяқтағым келді ме? Иә, бұндай ойлар көп болды.

Жауынгер Шешенстан басшысының үлкен қолдауын атап өтті:

Үлкен аға, қадірлі Рамзан Ахматұлы Қадыров әрдайым қолдап: «Сен чемпион боласың. Мен сені күтемін» деп айтатын. Ұшақ қойды, мені үйге әкелді, емдеді және бірнеше айдан кейін жекпе-жек ұйымдастырды.

UFC 319 турнирінде Чимаев төрешілердің бірауызды шешімімен Дрикус дю Плессиді жеңді – бұл жеңіс оған орта салмақтағы чемпиондық атақ әкелді. Жеңістен кейін жауынгер промоушенде өкілдік ететін елі – БАӘ туын көтерді.