22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хакими мен Салах Африканың үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін бастады

Хакими мен Салах Африканың үздік футболшысы атағына үміткерлер тізімін бастады

Африка футбол конфедерациясы 2025 жылдың үздік футболшысы атағына он үміткерді жариялады.

Марапатқа басты үміткерлер — Ашраф Хакими мен Мохамед Салах — мароккалық қорғаушы ПСЖ-ға требл жеңіп алуға көмектессе, мысырлық шабуылшы Ливерпуль құрамында АПЛ-дің үздік сұрмергені атанды.

Үміткерлер қатарына сенегалдық футболшылар Илиман Ндиай мен Папе Матар Сарр, марапаттың қазіргі иегері нигериялық Виктор Осимхен де енді.

Үміткерлер тізімін толықтырғандар:

  • Андре-Франк Замбо-Ангисса (Камерун)
  • Фистон Майеле (ДР Конго)
  • Дени Буанга (Габон)
  • Серху Гирасси (Гвинея)
  • Усама Ламлиуи (Марокко)

КАФ-тың сараптамалық комиссиясы ойыншылардың ағымдағы жылдың 6 қаңтары мен 15 қазаны аралығындағы өнерін бағалады. Марапаттау рәсімінің күні әзірге жарияланған жоқ.