28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Хабиб және Усман Нурмагомедов АПЛ клубынан есімдері жазылған жейде сыйға алды

Аралас жекпе-жек шеберлері Хабиб және Усман Нурмагомедовтер Абу-Дабиде (БАӘ) өткен PFL турнирінен кейін «Манчестер Юнайтед» футбол клубынан өз есімдері жазылған жейде сыйға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сонымен қатар, форма жеңілмеген ресейлік спортшы Ибрагим Ибрагимовке де сыйға тартылды.

Футболкалардағы нөмірлер спортшылардың кәсіпқой карьерасындағы жеңістерінің санын білдіреді.

Еске сала кетейік, PFL турнирінде Усман Нурмагомедов бес раундтық жекпе-жек нәтижесінде ирландиялық Пол Хьюзді төрешілер шешімімен жеңіп, жеңіл салмақтағы (70 кг дейін) чемпиондық титулын қорғады.

Ал жартылай жеңіл салмақта (65 кг дейін) өнер көрсететін Ибрагим Ибрагимов ирландиялық Кенни Мохоноануды төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.