03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды

Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды

UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов боксшы Флойд Мейвезерді сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұрынғы ММА файтері америкалықтың Израиль мен Палестина арасындағы қақтығысқа қатысты ұстанымына көңілі толмағанын білдірді.

«Оның бір елге қолдау білдірген видеосын көрдім. Ол мұның бәрін ақша үшін жасап жатыр деп ойлаймын. Мансабы кезінде де ол тек гонорар үшін жекпе-жекке шықты. Ал мен өзімнің мұрам үшін күрестім», — деді Хабиб Нью-Йоркте өткен ашық кездесу барысында.

Жанкүйерлермен жүздесу кезінде Хабиб Ислам Махачев, Умар Нурмагомедов және Усман Нурмагомедовтың алдағы жекпе-жектерін де жария етті.