Оқу уақыты: 1 мин

Хабиб Нурмагомедов ПСЖ-ді Чемпиондар лигасында қолдайтынын айтты

Хабиб Нурмагомедов ПСЖ-ді Чемпиондар лигасында қолдайтынын айтты

Хабиб Нурмагомедов Чемпиондар лигасының ағымдағы маусымында «Пари Сен-Жерменді» қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды IbraTV.

«Марсель» мен «ПСЖ» арасында мен париждіктерді таңдаймын. Клубта көптеген достарым, соның ішінде клуб иесі Нассер Әл-Хелайфи жұмыс істейді», — деді UFC-дің экс-чемпионы.

Дағыстандық жауынгер париж клубының соңғы он бес жыл ішінде француз футболының дамуына қосқан үлесін атап өтті.

«Биыл олар Чемпиондар лигасын жеңе алады. Шынымды айтсам, олардың жеңісін қатты қалаймын.», — деді Нурмагомедов.