02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хабиб ЧЛ финалынан кейін CBS Sports жүргізушісімен қол алысудан бас тартты

Хабиб ЧЛ финалынан кейін CBS Sports жүргізушісімен қол алысудан бас тартты

Goal хабарлауынша, Хабиб Нурмагомедов ПСЖ мен Интер арасындағы Чемпиондар лигасының финалынан кейінгі CBS Sports эфирінде ыңғайсыз жағдайға тап болды.

UFC-дің бұрынғы чемпионы комментаторлар командасына — Джейми Каррагер, Майк Ричардс, Тьерри Анри және Кейт Скотт, сондай-ақ стример IShowSpeed-ке қосылды. Нурмагомедов барлық ер адамдармен қол алысты, алайда Скотт қолын созғанда — ол оң қолын кеудесіне қойып, сәлемдесуін әдепті түрде білдірді.

Анридің ескертуінен кейін жүргізуші кешірім сұрады — ислам дәстүрі бойынша, мұсылман адамға махрамы емес әйелге қол тигізуге тыйым салынған.