Оқу уақыты: 1 мин

Хаби Алонсо — «Реалдың» жаңа бапкері

Хаби Алонсо — «Реалдың» жаңа бапкері

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Хаби Алонсо Мадридтің «Реалына» бас бапкер ретінде тағайындалуға түпкілікті келісімге келді. Испандық маман «ақ көйлектілермен» 2028 жылға дейін келісімшартқа қол қояды.

Алонсоның алғашқы матчы клубтық әлем чемпионатында өтеді — турнир маусым мен шілде аралығында АҚШ-та ұйымдастырылады.

Қазіргі бапкер Карло Анчелотти жақында қызметінен кетеді. Ол өз ізбасары туралы жылы пікір білдірді:

«Хабидің алдында барлық есік ашық. Ол үлкен жұмыс атқарды».

Айта кетейік, Алонсо биыл «Байермен» тарихи жетістікке жетіп, команданы Бундеслигада жеңіліссіз чемпион еткен болатын.