16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Хаби Алонсо Реал ойыншыларына қатаң талаптар қойды

Хаби Алонсо Реал ойыншыларына қатаң талаптар қойды

Cadena SER мәліметі бойынша, «Реалдың» бас бапкері қызметінде Карло Анчелоттиді алмастырған Хаби Алонсо ойыншыларға қоятын талаптарын нақты белгіледі.

Жаңа бапкердің жетекшілігімен алғашқы ойын әлемдік клубтар чемпионаты аясында «Әл-Хилалға» қарсы өтеді — команда ойынға жаңа көзқарасты көрсетуі керек.

«Жүгірмейтін және өзін толық бермейтіндер ойнамайды. Есімдердің маңызы жоқ», — деп жеткізді Алонсоның сөзін клубтағы дереккөздерге сілтеме жасаған журналист Хавьер Эрраес.

«Сіздер жай ғана тұрып, гол соғу үшін доп берілгенін күтпеуіңіз керек. Әр доп үшін жүгіру керек», — деп маман өзінің ойын көзқарасын атап өтті.