Оқу уақыты: 1 мин

Хаби Алонсо чемпиондық «Байерден» кететінін жариялады

Хаби Алонсо чемпиондық «Байерден» кететінін жариялады

«Байер» Леверкузен клубының ресми сайты бапкер Хаби Алонсоның маусым соңында командадан кететіні туралы мәлімдемесін жариялады. Бұл жаңалық команданың тарихи маусымынан кейін келіп отыр — «Байер» тұңғыш рет Бундеслига чемпионы атанып, Германия Кубогын да иеленді.

Алонсоның қоштасу сөзі:

«Ойыншыларға, жаттықтырушылар штабына, барлық клуб қызметкерлеріне және, әрине, ерекше жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Бұл жетістік — нағыз командалық жұмыстың жемісі. «Байер» Германия чемпионы болуға толық лайық еді. Берлиндегі Кубок жеңісінен бастап, бізге қолдау көрсеткен әр адамға ризамын. Клуб болашаққа дайын — мен бұл жолды сырттан қызығушылықпен бақылайтын боламын», — деді Алонсо.

Испан маманының болашағы туралы ресми ақпарат әлі жарияланбағанымен, БАҚ-та ол «Реал Мадридтің» келесі маусымдағы бас бапкері болуы мүмкін деген болжамдар бар.