02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гюндоган Манчестер Ситиді тастап, Галатасарайға ауысады

Гюндоган Манчестер Ситиді тастап, Галатасарайға ауысады

Фабрицио Романо инсайдерінің мәліметінше, Илкай Гюндоган бүгін Стамбулдың «Галатасарай» клубына ауысуын рәсімдейді — келісімшарт 2027 жылға дейін жасалады.

«Манчестер Сити» неміс жартылай қорғаушысын өтемақысыз жібереді — оның жаңа клубы ойыншыға маусымына 5 миллион еуро жалақы төлеуге дайын.

Өткен АПЛ маусымында Гюндоган 33 матч өткізіп, бір гол соғып, алты нәтижелі пас берді.