14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гусман Қырғызбаев дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Гусман Қырғызбаев дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Гусман Қырғызбаев Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуде.

31 жастағы спортшы үшін бұл — әлем чемпионатына төртінші қатысуы. 2021 жылы дәл осы қалада күміс жүлде иеленсе, 2023 жылы жүлдеден бір қадам алшақ қалған еді.

1/8 финалда Қырғызбаев Израиль өкілі Гай Гутманмен кездесіп, негізгі уақыт тең аяқталды. Алайда қосымша белдесуде қазақстандық балуан тиімді әдіс жасап, келесі кезеңге өтті.

Ширек финалда ол Тәжікстан атынан сынға түсіп жатқан Нурали Эмомалиге қарсы шығады. Будапешттегі әлем чемпионаты 10–16 маусым аралығында өтеді.

Гусман Қырғызбаев — Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Ол — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері және өз салмағында әлемдік рейтингтің 6-орнында тұр.