Оқу уақыты: 1 мин

Грозныйда Артур Бетербиев атындағы спорт кешені ашылды

Грозныйда Артур Бетербиев атындағы спорт кешені ашылды

ТАСС хабарлауынша, Грозныйда бокс және қылыштасуға арналған жаңа әмбебап спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті.

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров жаңа спорт нысанына атақты боксшы Артур Бетербиевтің есімін беру бастамасын көтерді.

Біз Шешен Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Кадыровтың өсиетін орындап, жаңа спорт алаңдары мен кешендерін тұрақты түрде ашып келеміз. Ол әрдайым шешен жастары ойлы, білімді және рухы мықты болуы керек деп айтатын. Бүгін біз оның ісін жалғастырып, осы үшін барлық қажетті жағдайды жасаудамыз, — деді Рамзан Кадыров ашылу рәсімінде.