11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Grok жасанды интеллекті Рыбакина мен Андрееваның матчына талдау жасады

Илон Масктың бастамасымен жасалған Grok жасанды интеллекті Индиан-Уэллстегі турнирдің 1/8 финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен ресейлік Мирра Андреева арасындағы матчқа болжам жасады.

Рыбакинаның тәжірибесі және оның күші — мансабында 1607 эйс — алдағы матчта оған басымдық береді. Андреева жас, небәрі 17 жаста, бірақ оның соңғы формасы оны қайсар андердог етеді. Дегенмен, мен Рыбакинаға тігер едім, — деп мәлімдеді Grok.

Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған Рыбакина мен 11-орындағы Андреева ақпан айында кездескен болатын. Сол кезде Дубай турнирінің жартылай финалында ресейлік теннисші жеңіске жеткен.