Оқу уақыты: 1 мин

Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Григорий Ломакин Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Аньнин қаласында өтіп жатқан ITF M25 сериясының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жұптық сында Таиланд өкілі Вишая Тронгчароенчайкулмен бірге бақ сынаған отандасымыз жарыстың 1/4 финалында қытайлық теннисшілерден құралған Сируй Хань/Вейтао Сюй тандемін қапы қалдырды.

Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды. Нәтижесінде Ломакин бастаған ұжым қарсыласынан 2:0 (6:2; 6:4) есебімен басым түсті.

Енді Ломакин мен Вишая келесі кезеңде оңтүстіккореялық теннисшілерден жасақталған Санхуй Шин/Сеонгбин Сим жұбымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, доданың жалпы жүлде қоры 30 мың долларды құрайды.