Оқу уақыты: 1 мин

Григорий Бабаян «Қайсармен» матчтан кейін баспасөз мәслихатын кенеттен тастап кетті

Григорий Бабаян «Қайсармен» матчтан кейін баспасөз мәслихатын кенеттен тастап кетті

Sport Ministri хабарлағандай, «Астана» бас бапкері Григорий Бабаян ҚПЛ-дің жетінші турында «Қайсармен» 1:1 есебімен тең түскен матчтан кейін қысқаша пікір білдірді.

Команда қатты күресті, алаңда бар күшін салды, жанкүйерлердің қолдауы да жақсы болды

Осы сөздерден кейін астаналық клуб жаттықтырушысы — журналистердің сұрақтарын күтпестен, кенеттен орнынан тұрып, баспасөз мәслихатын тастап кетті.

Матч барысында бас төреші Сергей Ноженко үш пенальти тағайындады — оның екеуі қызылордалық команданың қақпасына. 90-шы минутта шешуші он бір метрлік соққыны Назми Грипши орындап — «Астананың» жеңілісінен құтқарып қалды.