Оқу уақыты: 1 мин

Григорий Бабаян «Астананың» Қазақстан Кубогынан шығып қалуын түсіндірді

Григорий Бабаян «Астананың» Қазақстан Кубогынан шығып қалуын түсіндірді

Астана клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қазақстан Кубогының ширек финалында «Жеңістен» негізгі уақытта 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти сериясында 3:4 есебімен жеңілген матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клуб баспасөз қызметі.

«Бүгін жақсы футбол көрсетілді. Біз бірінші минуттардан бастап ойын тәжірибесі қажет болған ойыншыларды алаңға шығардық. 80-85 минут команда өте жақсы ойнап, басымдылық танытты, гол соқты, бірақ соңғы секундтарда оғаш гол жібердік», — деді маман.

«Мен ойыншыларды жергілікті немесе легионер деп бөлмеймін. Біз футболшыларға ойын тәжірибесін бергіміз келді. Қазіргі жағдайымызда жігіттердің қажетті тонуста болуы маңызды», — деп атап өтті Бабаян.

Енді команда жексенбіде өтетін келесі матчқа дайындалуы керек.