13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Григорий Бабаян: Тактикада мін жоқ, ойыншылардың жеке қателігінен ұтылдық

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Григорий Бабаян: Тактикада мін жоқ, ойыншылардың жеке қателігінен ұтылдық

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны аясында «Астана» өз алаңында Швейцарияның «Лозанна» клубын қабылдайды. Матч алдындағы баспасөз мәслихатында елордалық команданың бас бапкері ертеңгі ойынға тыңғылықты дайын екенін және арнайы жоспар құрғанын атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат – қалайда келесі кезеңге өту.

Алғашқы ойында 1:3 есебімен жеңілуге үйреншікті емес үш қорғаушы тактикасын пайдалану себеп болды ма деген сұраққа Григорий Бабаян былай деп жауап берді:

– Ойынға жоспар мінсіз болды. Соның арқасында «Лозанна» біздің қақпа маңында қауіпті сәт жасай алған жоқ, ортаныда бермедік. Егер ойыншалар жоспарды толық орындағанда, ондай есеп тіркелмес еді. Дегенмен жеке ойыншылардың қателігі нәтижеге әсер етті. Үшінші гол бізді есеңгіретіп тастады. Сол голдан кейін ойынға шамамен 10 минуттан соң ғана қайта орала алдық. Бірақ жауапкершіліктен қашпаймын – егер үш гол жіберсек, демек қателіктер бар. Алдағы ойында ол қателіктер болмайды.

– Егер сол матчқа қайта оралсақ, тағы да дәл осы тактиканы қолданар едім, бірақ жеке ойыншылардың қателігін болдырмас едім, – деді Бабаян.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!