08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Григорий Бабаян: «Мұндай қателіктермен жақсы нәтиже күту қиын»

Григорий Бабаян: «Мұндай қателіктермен жақсы нәтиже күту қиын»

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Лозаннаға» қарсы өткен алғашқы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz.

— Қарсыластың алғашқы голы тым оңай соғылды. Екінші голды өзіміз жасап бердік деуге болады. Ал үшінші голды мүлдем өз қақпамызға салып бергендей болдық: үш қорғаушы бір шабуылшыға төтеп бере алмады. Егер Конференциялар лигасында осындай қателіктерге жол берсең, жақсы нәтижені күтудің еш мәні жоқ, — деді Бабаян.

— Аз да болса, ойынға қайта оралуға мүмкіндік бар. Біз Астанада бар күшімізді салуға тырысамыз, — деп қорытындылады бапкер.