25.07.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Григорий Бабаян: «Амановичтің ойыны көңілімнен шықпады»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Григорий Бабаян: «Амановичтің ойыны көңілімнен шықпады»

Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» өз алаңында Молдаваның «Зимбру» клубымен 1:1 есебімен тең түсті. Ойыннан кейін елордалық команданың бас бапкері Григорий Бабаян матч туралы пікірін білдірді.

Бұл кездесу біз күткен деңгейде өтпеді. Әсіресе қаптал ауыстыру, жүйелі шабуылдар жасау кезінде қиындықтар болды. Сол себепті қарсыласқа екі-үш қауіпті шабуыл жасауға мүмкіндік беріп қойдық.

Бірінші таймда бізде де гол соғатын бірнеше жақсы сәт болды. Қазір матчтың қысқа шолуын қарап шықтық – төрт-бес нақты мүмкіндік болған. Өкінішке қарай, оларды пайдалана алмадық.

Екінші тайымда қандай өзгеріс болғаны жайлы:

Екінші таймда команда алаңға бар ынтасымен шықты. Агрессия болды, қысым көрсеттік. Үзілісте ойыншыларды сабырға шақырып, сыртқы факторларға көңіл бөлмей, өз ойынымызды көрсетуін сұрадым. Қысым жасау жағынан бәрі жақсы өтті, бірақ қақпа маңындағы сәттерді нәтижеге айналдыра алмадық.

Сонымен қатар бапкер команда да кадрлық мәселелер болғанында айтты:

Кадрлық мәселелер де болды. Эбонг бұл матчты өткізіп алатын болғандықтан, Башичке сенім арттық. Бірақ ол 60-70 минутқа ғана дайын еді, кейін қиындықтар сезілді.

Журналисттердің кім сәтсіз ойнады деген сұрағына:

Амановичтің ойыны көңілімнен шықпады. Бұл – оның деңгейі емес. Мен одан мүлде басқа ойын күтемін. Сол сияқты шабуыл шебіміз де өз міндетін толық атқара алмады. Чинедуге бірнеше мүмкіндік тиді, бірақ ол да гол соға алмады.

«Зимбру» — әлсіз команда емес, мықты қарсылас. Жалпы алғанда, еурокубоктағы іріктеу ойындары біз үшін ешқашан оңай болған емес.

Жауапты ойынға жоспар бойынша:

Енді бізге нақты талдау жасап, барлық қателіктермен жұмыс істеу қажет. Ертең – қалпына келу күні. Арғы күні Молдоваға жол жүреміз. Қиын сапар, жауапты ойын күтіп тұр. Соған бар күшімізді саламыз.

Қарымта кездесу 31 шілдеде Молдовада өтеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!