31.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Грэм Поттер: «Фулькруг сапарға шығуы мүмкін, Суммервилль жарақатпен қалып отыр»

«Вест Хэм» бас бапкері Грэм Поттер «Вулверхэмптонмен» болатын матч алдында баспасөз мәслихатын өткізіп, команда жағдайымен бөлісті.

Бапкердің айтуынша, командада толық құрам бар — тек Крисенсио Суммервилль жарақатына байланысты матчты жіберіп алады. Ал Никлас Фулькруг жаттығу процесіне қайта қосылып, алдағы сапарға қатысуы мүмкін.

«Оның елеулі жарақаты болды және ресми матчтарға біраз уақыт қатысқан жоқ. Сондықтан ойын уақытын біртіндеп арттыруымыз қажет», — деді Поттер.

Ұлттық құрамалар матчына арналған үзіліс туралы пікір білдірген бапкер бұл кезеңді тиімді пайдаланғанын айтты.

«Біз қалған ойыншылармен жемісті жұмыс жүргіздік. Олар қалпына келіп, отбасымен уақыт өткізуге мүмкіндік алды», — деді ол. Сонымен қатар, Джаррод Боуэн Англия құрамасының жаңа бапкері Томас Тухельмен өткен алғашқы жиыннан жақсы көңіл-күймен оралғанын атап өтті.

Сондай-ақ Поттер Эван Фергюсонның жалға алынуын сәтсіз деп санайтындарға жауап берді:

«Мұндай баға әділетсіз. Оның бұрынғы жағдайларын ескерген жөн. Біз оның прогресіне ризамыз, командада өзін жайлы сезінеді», — деді бапкер.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!