12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Grand Prix Challenge турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Grand Prix Challenge турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы 13-15 маусым аралығында АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтетін World Taekwondo Grand Prix Challenge халықаралық турнирінің алғашқы кезеңіне қатысады.

Құрама сапына енген спортшылар:

— Темірлан Тілеулес (58 келіге дейін)

— Бектөре Оралханов (58 келіге дейін)

— Газез Нұрбек (68 келіге дейін

— Батыpхан Төлeуғали (80 келіге дейін)

— Нодира Ахмедова (49 келіге дейін)

— Рита Бәкішева (49 келіге дейін)

— Нұрай Хұсайынова (67 келіге дейін)

«Біз бұл турнирге жақсы дайындалдық. Соңғы оқу-жаттығу жиынын Иранда өткіздік. Онда біз атақты спортшылармен бірге дайындалып, жаттығу жекпе-жегін өткіздік. Бұл, әсіресе, жас спортшылар үшін өте құнды тәжірибе болды. Қазір ұлттық құраманың физикалық және тактикалық дайындығы жоғары деңгейде.

Grand Prix Challenge — бұл әлемдік рейтингтегі орнымызды нығайтудың ғана емес, сонымен қатар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы маңызды халықаралық тәжірибе жинаудың мүмкіндігі», — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Есбол Сұлтанов.