25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Головкиннің қарсыласы қазақстандық боксшымен шығуы мүмкін

Головкиннің қарсыласы қазақстандық боксшымен шығуы мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұман әйгілі Геннадий Головкиннің қарсыласымен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Спорт Пульс тілшісі жазды.

«Қазақ Титаны» лақап атымен танымал Алмат Жұман өткен жылы жеңіп алған UBC чемпиондық белбеуін Марио Минаға қарсы қорғауы тиіс болған. Алайда қарсыласы белгісіз себептерге байланысты жекпе-жекке 5 сағат қалған кезде рингке шығудан бас тартты.

UBC ұйымының бейресми мәліметтері бойынша «Қазақ Титанының» кезекті қарсыласы Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы колумбиялық Милтон Нуньез болуы мүмкін.

Алмат Спорт Пульс тілшісіне бұл жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.

«Мен қарсылас таңдамаймын. Жекпе-жекке жақсы дайындықпен шығып, белбеуді Қазақстанға алып келуім керек және алып келемін де! Қарсыласымды қалың ұйқыға жіберуден басқа, нұсқа көріп тұрған жоқпын.»

Айта кетейік, Алмат Жұман UBC Continental тұжырымы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш Латын Америка чемпионы.