18.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Головкин мансабында 150 млн доллар табыс тапқан

Головкин мансабында 150 млн доллар табыс тапқан

Геннадий Головкиннің кәсіби мансап жолында тапқан табысы 150 миллион долларға жеткен, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы шетелдік Surprisesports ақпарат көзі мәлім етті. 

Аталған соманың 82 миллион доллары мексикалық Сауль Альвареспен өткізген үш жекпе-жектен түскен. Бұл Головкин мансабындағы ең табысты кездесулердің бірі.

Айта кетелік,  орта салмақта өнер көрсеткен өзге танымал боксшылардың табысымен салыстырғанда, Головкиннің қаржылық көрсеткіші жоғары деңгейде. Мәселен, Бернард Хопкинс кәсіби мансабында 60 миллион доллар, ал Оскар Де Ла Хойя орта салмақта жүрген кезеңінде шамамен 50 миллион доллар тапқан.