Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Головкин қай жерден қателесті? Америкалық БАҚ пікір білдірді

Данияр Нургалиев
Данияр Нургалиев
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Tанымал Boxingscene порталының пікірінше, аты аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің карьерасының құлдырауы оның бапкер Абель Санчеспен қоштасқан сәттен басталған, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Танымал боксшы карьерасын жеңіліспен аяқтады, оның бапкері Санчеспен қоштасуы бұл құлдыраудың бастауы болды. Санчес жаттығу лагерлерінде оқшаулану кезінде Головкинге Хулио Сезар Чавес-үлкеннің ескі жекпе-жектерін көруге мәжбүрлеп, жанкүйерлер ұнататын «мексикалық стильдегі» боксын жоғары бағалайтын.

Алайда, DAZN-мен алты жекпе-жекке есептелген тиімді келісімшарт жасасып, Головкин Санчестің еңбекақы құрылымын өзгертпек болды. Бұл жағдай олардың қоштасуына себеп болды. Соның салдарынан, Альвареспен тең нәтижелі алғашқы жекпе-жек пен төрешілер шешімімен жеңілген екінші кездесуден кейін, GGG тарихы аяқталды», — деп жазды портал.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы 16 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штатындағы Парадайс қаласындағы «T-Mobile Arena-да» өткен болатын. Кездесу тең нәтижемен аяқталды. Реванш 2018 жылы 15 қыркүйекте өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.