16.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Головкин әлем чемпионатында жанкүйерлерді сынға алды

Головкин әлем чемпионатында жанкүйерлерді сынға алды

Геннадий Головкин әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жанкүйерлерімен кездесті — отандық спорт аңызы автограф таратып, жанкүйерлермен тілдесті.

Кездесу барысында атақты боксшы ұлттық құраманы қолдау деңгейіне наразылығын білдірді.

«Не керек? Жарайды. Неге сіздер, жанкүйерлер, естілмейсіздер?» — деп Головкин жанкүйерлерге сауал қойды.

Қазақстан құрамасы турнирде керемет нәтиже көрсетіп, командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Команда қоржынына алтын медальдарды салғандар:
* Санжар Ташкенбай
* Махмұд Сабырхан
* Төрехан Сабырхан
* Айбек Оралбай
* Алуа Балқыбекова
* Аида Әбікеева
* Наталья Богданова

Күміс медальді Назым Қызайбай жеңіп алса, қола медальдарға Виктория Графеева мен Елдана Талипова ие болды.