05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Голландиялық футболшылар ФИФА-ға қарсы ұжымдық арыз дайындап жатыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Голландиялық футболшылар ФИФА-ға қарсы ұжымдық арыз дайындап жатыр

Нидерланд құрамына кіретін бірқатар футболшы ФИФА-ның қазіргі трансферлік ережелеріне байланысты халықаралық футбол ұйымына қарсы ұжымдық сот шағымын дайындауда. Бұл туралы Reuters агенттігі Justice for Players («Ойыншылар үшін әділдік») қорының ақпаратына сүйеніп хабарлады.

Футболшылардың пікірінше, ФИФА жүргізіп отырған трансфер саясаты олардың табысына кері әсерін тигізіп отыр — нақтырақ айтқанда, спортшылар өз үлесіне тиесілі қаражаттың бір бөлігін жоғалтуда. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 1 миллиард еуро деп бағалануда.

Бұған дейін Испанияның Ла Лигасы да ФИФА-ға қарсы CAS-қа (Спорттық арбитраж соты) шағым түсірген еді. Себеп — клубтық әлем чемпионатының жаңа форматы: 2025 жылдан бастап турнирге 32 команда қатысады. Испан тарапы бұл шешім футбол экожүйесіне зиян келтіреді деп есептейді.

Еске салайық, ФИФА президенті Джанни Инфантино ұйымды 2016 жылдың ақпан айынан бері басқарып келеді. 2019 жылы екінші мерзімге қайта сайланып, оның өкілеттігі 2027 жылға дейін жалғасады.