13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Голден Стэйтпен» ойында Остин Ривз жарақат алды

«Голден Стэйтпен» ойында Остин Ривз жарақат алды

Chaz NBA Youtube-арнасының хабарлауынша, «Лейкерс» қорғаушысы Остин Ривз «Голден Стэйтке» қарсы маусым алды ойында тізесін жарақаттады.

Оқиға үшінші ширекте орын алды — Ривз Брэндин Подземскимен соқтығысқаннан кейін, тайм-аут кезінде алаңды тастап кетті. Қосалқы орындықта отырған Лука Дончич — серіктесіне ойынға оралмауға ишарамен кеңес берді.

Жарақатқа дейін Ривз матчтың үздік сұрмергені атанып үлгерді — 10 лақтырудың 7-ін сәтті орындап, 21 ұпай жинады. «Лейкерс» 126:116 есебімен жеңіске жетті.