02.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Golden Boy жүлдесі: Үздік үміткерлер кімдер?

Golden Boy жүлдесі: Үздік үміткерлер кімдер?

GiveMeSport жыл сайын Еуропаның ең үздік жас футболшысына берілетін беделді Golden Boy сыйлығына үміткерлер тізімін дайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа қатысу үшін үміткерлер 21 жасқа толмаған және Еуропа чемпионаттарының бірінің жоғарғы лигасында ойнауы керек.

Биылғы жылы рейтингтің көшбасшысы ПСЖ-ның талантты вингері Дезире Дуэ болды. Екінші орында «Арсенал» ойыншысы Майлс Льюис-Скелли, одан кейін «Барселона» ойыншысы Пау Кубарси.

Аталмыш жүлдені былтыр Ламин Ямаль жеңіп алған еді.