29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Goal еуропалық футболдағы маусымның ең сәтсіз трансферлер рейтингін жасады

Goal еуропалық футболдағы маусымның ең сәтсіз трансферлер рейтингін жасады

Goal мәліметінше, Жоау Феликстің Мадрид «Атлетикосынан» Лондон «Челсиіне» 46 миллион фунтқа ауысуы еуропалық футболдағы маусымның ең көңіл қалдырған трансфері болып танылды.

Ең сәтсіз сатып алулардың ондығына мыналар кірді:

  • Рахим Стерлинг — «Челсиден» «Арсеналға» жалға алу
  • Жоау Пальинья — «Фулхэмнен» «Баварияға» 47 млн фунтқа ауысу
  • Юссуфа Мукоко — Дортмунд «Боруссиясынан» «Ниццаға» жалға алу
  • Жоау Феликс — «Челсиден» «Миланға» жалға алу
  • Федерико Кьеза — «Ювентустан» «Ливерпульге» 12,5 млн фунтқа трансфер
  • Эндрик — «Палмейрастан» «Реалға» 50 млн фунтқа ауысу
  • Элье Ваи — «Айнтрахт» пен «Марсельге» 24 және 25 млн фунтқа трансферлер
  • Джошуа Зиркзе — «Болоньядан» «Манчестер Юнайтедке» 36,5 млн фунтқа ауысу

Алғашқы ондықтан тыс Тен Копмейнерс пен Дуглас Луистің «Ювентуске», Альваро Моратаның «Миланға» және Маттейс де Лигттің «Манчестер Юнайтедке» ауысулары қалды.