15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатының ширек финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатының ширек финалында тәжікстандық Нурали Эмомалиге жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды. Ол 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған болатын.

Бұл – 31 жастағы спортшының әлем чемпионатына төртінші рет қатысуы. Бұған дейін Қырғызбаев 2021 жылы дәл осы қалада күміс жүлдеге ие болса, 2023 жылы жүлдеге бір қадам жетпей тоқтаған еді.