29.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ғалымжан Кенжебекке Түркияның екі клубы қызығушылық танытты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ғалымжан Кенжебекке Түркияның екі клубы қызығушылық танытты

Қазақстан құрамасы мен «Елімай» клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке Түркияның Суперлигасында ойнайтын екі клуб қызығушылық танытып отыр.

22 жастағы футболшы биылғы маусымда «Елімайдың» негізгі ойыншыларының біріне айналып, тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді. Испан басылымының мәліметінше, Кенжебектің тәжірибесі мен ойын қарқыны айтарлықтай өскен, сондықтан оны жаңа деңгейге дайын ойыншы ретінде қарастыруға толық негіз бар.

Қазір нақты қай клубтар қызығушылық танытып отырғаны белгісіз, алайда түркиялық скауттар қазақстандық жартылай қорғаушыны бірнеше матч бойы бақылауда ұстап отырғаны айтылады.