22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ғалым Мамбеталиев «Барыс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ғалым Мамбеталиев «Барыс» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Қазақстандық маман Ғалым Мамбеталиев Астананың «Барыс» хоккей клубындағы бас бапкер қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Өткен маусымдағы қанағаттанарлықсыз спорттық нәтижелерге байланысты негізгі команда құрамында бапкерлік өзгерістер жасау туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Ғалым Мамбеталиев 2024 жылдың қазан айында бас бапкер қызметіне кірісіп, клубпен үш жылдық келісімшартқа отырған болатын. Алайда оның жетекшілігімен «Барыс» Шығыс конференциясында соңғы орынға тұрақтады. Осы нәтижелерден кейін клуб бапкерлік құрамда өзгеріс жасауға бел буды.