25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Георгий Жуков жанкүйерлерден кешірім сұрады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бұрын футболшы Қытайда ойнаған кезде ұлттық құрамаға келе алмайтынын айтқан еді. Бұл жағдай сол кездегі бас бапкер Магомед Адиевке және жанкүйерлерге ұнамаған болатын. Жуков қажет болса, кешірім сұрауға дайын екенін жеткізді.

 

«Құжаттармен ешқандай мәселе жоқ. Ұлттық құрамаға шақыртуымды ұзақ күттім. Мен ешқашан құраманың намысын қорғаудан бас тартамын деп айтқан емеспін. Қытайда карантин болды – бұл менің жауапкершілігімдегі нәрсе емес. Құрамаға шақыртуды еңбегіңмен дәлелдеу керек. Өз тарапымнан айтарым, маған тағы да ел намысын қорғауға мүмкіндік бергені үшін бас бапкерге алғыс айтамын. Егер бұрынғы сөздерім біреуді ренжіткен болса, кешірім сұраймын», – деді Жуков матч алдындағы сұхбатында.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!