Оқу уақыты: 1 мин

Георгий Жуков: «Ұлттық құраманы қатты сағындым»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Георгий Жуков: «Ұлттық құраманы қатты сағындым»

Георгий Жуков Қазақстан футбол федерациясының YouTube арнасына берген сұхбатында ұлттық құрамадағы ойындарды үзбей қарап, жанкүйер болғанын жеткізді.

Футболшы осыдан 5 жыл бұрын әлеуметтік желіде жанкүйерлермен болған дау үшін өкінетінін мойындады. Енді ол жанкүйерлер мен бапкерлердің сенімін ақтау үшін бар күшін салуға дайын.

Кеше Жуков жеке жаттығу өткізген. Соңғы ойында алған микрожарақатына байланысты команда дәрігері Нұрлан Биттұғұлов оның негізгі топпен бірге жаттығуына рұқсат бермеген. Дегенмен, Жуков дәрігерден «жігіттермен бірге жаттығайын» деп өтініш білдірген.

Жуковтың сұхбатынан үзінді:

«Ұлттық құраманы қатты сағындым. Қуаныштымын. Ұсынысты ұзақ күттім, соңына дейін мүмкіндік болатынына сендім. Жаттығуды тоқтатпай, берілген жоқпын. Бір арманым орындалды. Сенім артқаны үшін бапкерлер штабына алғыс білдіремін. Соңғы рет құрамамен бірге болғанда Молдоваға қарсы шешуші ойын өтті. Сол ойында пенальтиден гол соғып, Ұлттар лигасында қалдық. Одан кейінгі кездесулерді үзбей қарап жүрдім. Қазақстан құрамасының тарихындағы ең үлкен жетістіктердің бірі деп санаймын. Ұлттық құраманың көптеген ойыншысын білемін. Бірқатары жаңа келген, оларды сырттай танитынмын. Бүгін жеке таныстым. Жас ұрпақ өсіп келеді. Мен де енді жас емеспін. Тәжірибесі бар футболшылар жауапкершілікті алып, жастарға көмектесуі керек деп санаймын»*, – деді Жуков.