18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Георгий Жуков Польша клубынан кетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Георгий Жуков Польша клубынан кетті

Қазақ футболшысы Георгий Жуков поляктың «Пуща» клубынан кетті. 30 жастағы жартылай қорғаушының келісімшарты екі жақты келісім бойынша бұзылды.

Жуков 2025 жылдың басында еркін агент ретінде команда қатарына қосылып, 11 матчқа қатысты. Оның келісімі 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болатын.

Маусым қорытындысында «Пуща» Польшаның Жоғарғы лигасында соңғы орын алып (34 ойында 28 ұпай), төменгі дивизионға түсіп қалды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, Жуковтың қазіргі трансферлік құны – 400 мың еуро.