20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Георгий Жуков «Ақтөбе» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр ма?

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Георгий Жуков «Ақтөбе» клубымен келіссөз жүргізіп жатыр ма?

Қазақстан құрамасының 30 жастағы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков Ақтөбедегі қоғамдық орындардың бірінен көрінді. Бұл туралы жанкүйерлерге арналған «fc-aktobe_inside» Instagram парақшасы хабарлады.

Қазіргі таңда футболшы – еркін агент. Ол жуырда Польшаның «Пуща» клубымен келісімін үзген болатын. Аталған команда сапында жарты жылда 11 матч өткізген.

Жуков әлі де ұлттық құрамаға шақырту алып жүр. Алайда Солтүстік Македонияға қарсы ойында (0:1) жарақатына байланысты қатыса алмады – матч қарсаңында бұлшық етінен жарақат алған.

Оның Ақтөбеде пайда болуы жергілікті клубпен келіссөздер жүріп жатқанын білдіруі мүмкін. Дегенмен әзірге ресми ақпарат жоқ.