08.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Генрих Мхитарян – төрт клубпен бесінші еурофиналға шыққан тұңғыш ойыншылардың бірі

Генрих Мхитарян – төрт клубпен бесінші еурофиналға шыққан тұңғыш ойыншылардың бірі

Армениялық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян Чемпиондар лигасының финалына тағы да жолдама алды. Оның «Интері» жартылай финалда «Барселонаны» екі матч қорытындысы бойынша жеңіп (3:3, 4:3), шешуші ойынға өтті.

Бұл — Мхитарян мансабындағы бесінші еурокубок финалы. Тағы бір бірегейлігі — ол бұл жетістікке төрт түрлі клубпен қол жеткізіп отыр:

  • 2017 — «Манчестер Юнайтед» құрамында Еуропа Лигасын жеңіп алды («Аякс» — 2:0)
  • 2019 — «Арсенал» сапында финалда «Челсиге» жол берді (1:4)
  • 2022 — «Рома» құрамында Конференциялар лигасында «Фейеноордты» жеңіп, трофей иеленді (1:0)
  • 2023 — «Интермен» бірге Чемпиондар лигасының финалында «Манчестер Ситиге» есе жіберді (0:1)
  • 2025 — Тағы да «Интермен» ЧЛ финалында. Қарсылас – «ПСЖ» немесе «Арсенал»

Мхитарян — еурокубок финалдарына төрт түрлі клубпен жеткен санаулы ойыншылардың бірі ретінде тарихқа еніп отыр.