28.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Генри Сехудо грэпплинг-жекпе-жекте Қайрат Ахметовті жеңді

Генри Сехудо грэпплинг-жекпе-жекте Қайрат Ахметовті жеңді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Генри Сехудо Alash Pride FC 108 турнирінде қазақстандық спортшы Қайрат Ахметовпен грэпплинг-жекпе-жекте жеңіске жетті деп хабарлайды Sports.

Екі танымал спортшының қарсыласуы — америкалық спортшының пайдасына 8:5 есебімен аяқталды.

Сехудо үшін бұл ақпан айында UFC-де Сонг Ядоңнан техникалық шешіммен жеңілгеннен кейінгі алғашқы өнер көрсетуі болды.

«Хабиб пен Конор — Уайтпен достасуға қол жеткізген жалғыз адамдар», — деді Сехудо.