Оқу уақыты: 1 мин

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев өмірден озды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев өмірден озды

Қазақстандық бокстың дамуына зор үлес қосқан Виктор Дмитриев дүниеден өтті. Ол 1953 жылдың 26 шілдесінде туған. Бар ғұмырын спортқа арнаған жаттықтырушы 40 жылға жуық уақыт бойы болашақ чемпиондарды тәрбиелеумен айналысты.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері атағына ие болған Виктор Дмитриев өз карьерасында 10-нан аса спорт шеберін және 20-ға жуық спорт шеберлігіне үміткерді дайындады.

Оның шәкірттерінің ішінде бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Геннадий Головкин де бар. Головкиннің алғашқы бапкері ретінде Дмитриев қазақ боксына есімі алтын әріппен жазылған тұлғалардың бірі болып қалмақ.