07.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Генич РПЛ-дағы легионерлер лимитін қатаңдату жоспарын сынға алды

Генич РПЛ-дағы легионерлер лимитін қатаңдату жоспарын сынға алды

Белгілі спорт комментаторы Константин Генич Ресей Спорт министрлігінің Мир РПЛ-дағы легионерлер лимитін қатаңдату жоспарын сынға алды, деп хабарлайды РБ Спорт.

Ресей спорт министрі Михаил Дегтярев бұған дейін 2028 жылға қарай шетелдік ойыншылар санын алаңда беске дейін және өтінімде онға дейін біртіндеп қысқартуды жариялап, легионерлерге қосымша салық енгізу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын.

«Министрлік мұнда араласпауы керек. Екінші және бірінші лигаларды қолға алғыларың келсе – мархабат! Сол жерде жас ресейлік ойыншыларды қалай дамыту керектігін ойланыңдар, ал Премьер-лиганы, жоғары лиганы, жоғары жетістіктер спортын қозғамаған жөн», — деді Генич Матч ТВ эфирінде.