30.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гауфф Монреальда Коллинстен қиын жеңіске жетті

Гауфф Монреальда Коллинстен қиын жеңіске жетті

Кори (Коко) Гауфф Монреальдағы WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Даниэль Коллинстен жеңіске жетті.

Американдық теннисші 2 сағат 55 минутқа созылған ойында отандасын 7:5, 4:6, 7:6(2) есебімен жеңді.

Айта кетерлігі, Гауфф 23 қос қателік жіберді, бірақ шешуші сетте 5:6 есебінде матчболды құтқарып қалды. Бұл жеңіс оның Ролан Гаррос турнирінен кейінгі алғашқы жеңісі болды.

Келесі айналымда Гауффтың қарсыласы ресейлік теннисші Вероника Кудерметова болады.