12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Гави: Рафинья – «Алтын допқа» үміткер

«DAZN» мәліметінше, «Барселона» жартылай қорғаушысы Гави командаласы Рафиньяның ойыны туралы пікір білдірді.

Бразилиялық шабуылшы Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы жауапты матчта «Бенфика» қақпасына екі гол соғып, командасына 3:1 есебімен жеңіс әкелді.

Қазір Рафинья турнирдің ең үздік сұрмергені атанып, 11 голмен көш бастап тұр.

«Әрине, Рафинья – «Алтын допқа» үміткер. Бірақ ең бастысы – ол осы қарқынын жалғастыруы керек. Алда әлі көп ойын бар, мен оның көбірек титул жеңіп алуын қалаймын», – деді Гави.