Оқу уақыты: 1 мин

Гауфф Андрееваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Коко Гауфф Мадридтегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында Мирра Андреевадан басым түсті — кездесу 7:5, 6:1 есебімен аяқталды.

Бірінші партия тартысты өтті — ресейлік теннисші 5:4 есебінде өз подачасында екі сетбол мүмкіндігін жіберіп алды.

Америкалық спортшы үшін бұл ағымдағы маусымдағы алғашқы және мансабындағы тоғызыншы WTA 1000 жартылай финалы — Гауффтың активінде осы санаттағы екі титул бар.

Жартылай финалда Коко Гауфф Ига Швентекпен кездеседі — жеке қарсыластықта америкалық теннисші поляк спортшысынан 3:11 есебімен ұтылып тұр.