13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

Sky Sport Italia хабарлауынша, Клаудио Раньеридің ұсыныстан бас тартуынан кейін Дженнаро Гаттузо Италия құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткерге айналды.

Алдағы күндері 47 жастағы маман Италия футбол федерациясының президенті Габриэле Гравинамен келіссөз өткізеді деп күтілуде. Бұған дейін Гаттузо ұлттық құраманың делегациясын басқаратын Джанлуиджи Буффонмен де бұл мәселені талқылаған. Кездесу оң атмосферада өткен, ал Гаттузо ұсынысты қабылдауға дайын екенін білдірген.

Айта кетейік, 5 маусымда Гаттузо Хорватияның «Хайдук» клубынан кеткен болатын. Бұған дейін ол «Марсель», «Валенсия», «Наполи», «Милан» секілді клубтарды жаттықтырған.

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің екі турынан кейін Италия құрамасы үш ұпаймен өз тобында үшінші орында тұр.