Оқу уақыты: 1 мин

Гари Невилл 2024/25 маусымындағы АПЛ-дің үздік ойыншысын анықтады

Гари Невилл 2024/25 маусымындағы АПЛ-дің үздік ойыншысын анықтады

Daily Mail мәліметінше, аңызға айналған қорғаушы Гари Невилл Sky Sports эфирінде «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымындағы үздік футболшы деп атады.

Сарапшы АПЛ-дің басқа да көзге түскен өкілдерін атап өтті:

  • Үздік жас ойыншы — «Арсеналдың» 18 жастағы жартылай қорғаушысы Майлз Льюис-Скелли
  • Үздік бапкер — «Ноттингем Форест» жаттықтырушысы Нуну Эшпириту Санту
  • Ең үлкен прогреске ие болған ойыншы — «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы Райан Гравенберх

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы қорғаушысы өзінің туған клубын да атап өтті — «қызыл жындар» жанкүйерлер мен мамандардың үмітін ақтамай, маусымның басты көңіл қалдырған командасы атанды.