Оқу уақыты: 1 мин

Ғалия Тынбаева рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдодан әйелдер командасының мүшесі Ғалия Тынбаева IJF рейтингінде екі сатыға жоғарылады.

 

Ғалия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінде 48 келі салмақта белдесіп, күміс медальға ие болған болатын.

 

Осы нәтижеден кейін, Ғалия 12-орыннан 10-орынға көтерілді. Спортшының еншісінде қазір 3779 ұпай бар.