Оқу уақыты: 1 мин

Ғаламторда Геннадий Головкиннің ерекше жаттығу видеосы пайда болды

Ғаламторда Геннадий Головкиннің ерекше жаттығу видеосы пайда болды

X әлеуметтік желісіндегі танымал «Source of Boxing» бокс аккаунты Геннадий Головкиннің мұрағаттық жаттығу көріністерін ұсынды. Онда қазақстандық боксшы білек бұлшық еттерін нығайтуға арналған гирмен жаттығу орындап жатыр.

Еске сала кетейік, Головкиннің соңғы жекпе-жегі екі жарым жыл бұрын өтті — сол кезде ол мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші қарсыластығында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті қызметін атқарады.