25.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гаиска Мендьета эль-класикода қай клубтың жеңетінін болжады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Гаиска Мендьета эль-класикода қай клубтың жеңетінін болжады

Астанада өткен Аңыздар матчы алдындағы баспасөз мәслихатында Гаиска Мендьета алдағы эль-класикода «Барселонаның» жеңісіне үміт білдірді.

«Барселона» басым түседі деп үміттенемін. Егер жеңіске жетсе, осы маусымдағы екінші трофей болады. Бұл текетірестің ең бір қызығы – қай клубтың жеңерін нақты айта алмайсыз. Қазір «Реал» да жақсы бабында. Чемпиондар лигасынан ұшып кеткеннен кейін мадридтіктерге қысым қатты болып тұр. Мұндай сәтте олар әдеттегіден де қауіпті», – деді Мендьета.

Айта кетейік, «Барселона» мен «Реал» Испания кубогының финалында кездеседі.