21.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Гагарин кубогының иегері қазақстандық бапкерді шақырғысы келеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Гагарин кубогының иегері қазақстандық бапкерді шақырғысы келеді

Ярославльдің «Локомотиві» Константин Шафрановты бапкерлік штабқа қосуды жоспарлап отыр. Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы саналатын Шафрановты команданың бас бапкері Боб Хартли өзі шақырмақ.

Олар бұған дейін 2020/2021 жылғы маусымда Омбының «Авангардында» бірге жұмыс істеп, сол жылы Гагарин кубогын жеңіп алған. Константин Шафранов КХЛ-де көпшілікке артық құраммен ойын жүргізуді жақсы қоятын маман ретінде танымал.

Айта кетейік, Шафранов биыл маусымда СКА клубынан Роман Ротенбергпен бірге кеткен болатын. 2021 жылдан бері ол СКА-да және Ресей құрамасының бапкерлік штабында жұмыс істеді.