16.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sport 12.

34 жастағы «Ертіс» қорғаушысы ауыр тізе жарақатына байланысты кәсіби футболшы ретіндегі мансабын аяқтауға шешім қабылдады.

Ғафуржан Сүйімбаев кәсіби деңгейде 2013 жылы «Ертіс» сапында дебют жасап, кейін «Қайрат», «Ақсу» және «Ордабасы» командаларында ойнады.

Ол Қазақстан ұлттық құрамасында 48 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Сонымен қатар екі дүркін ел чемпионы және үш мәрте Қазақстан кубогының жеңімпазы болды.